Желіде ЛГБТ мәселесіне қатысты өткір мәселе көтеріп жүрген белсенді депутат Еділ Жаңбыршинге қатысты жаңа дау басталған сыңайлы. Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Динара Егеубаева өзінің парақшасында Жаңбыршиннің қыздарының бірі ЛГБТ көзқарасын ұстанатынын айтып пост салған, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты tiek.kz.-ке сілтеме жасап.
Журналистің жазуынша, депуттаттың бір қызы модель, шетелде оқып, білім алған. «Жаңбыршиннің қыздарының бірі — Милан мен Лондонда білім алған модельер екенін білдіңіз бе? «ЛГБТ насихатына» қарсы аянбай күресуші және дәстүрлі құндылықтардың қорғаушысы үшін баласының гендерлік шекараны ескермейтін кәсіби саланы таңдауы «басқа мәселе» болса керек. Ол «батыстық құндылықтардан» қызы үшін ешқандай экзистенциалды қауіп көріп тұрған жоқ», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
