ЛГБТ-ны насихаттап жүргендер ертең адам жеуді де ақтап шығуы мүмкін

ЛГБТ-ны насихаттап жүргендер ертең адам жеуді де ақтап шығуы мүмкін

“Біреу еді маям, екеу болды хаям” деуші еді. Алматыдағы “Амировка” деген ЛГБТ клубында болған оқиға осы мәтелді еске түсіріп отыр. Әлгі барда бір гей екінші бір гейді зорлапты. Қазір әлеуметтік желіде бір біріне жауап беріп, шулап жатыр.

Мәселенің анық қанығын полицияның еншісіне қалдырдық. Менің айтқым келгені, мұндай ЛГБТ деген сорақылықтың ашық насихатталуына қарсы тұрмасақ, осындай оқиғалар бер жағы ғана болып қалмақ. Өйткені ЛГБТ деген қазақтың ұлттық құндылықтарына да, салт-дәстүріне де, таным түсінігіне де жат. Тіпті адамзаттың болмысына да бөтен түсінік. Бұлар жануарлар әлемінде бір жыныстық қарым қатынас бар екенін алға тартып, өздерін ақтауға тырысады. Алайда жануарлар бір бірін түтіп жейді. Бүгін ЛГБТ-ны насихаттап жүргендер ертең адам жеуді де ақтап шығуы мүмкін. Бізді жануарлардан ерекшелейтін нәрсе, ақылымыз, құндылықтарымыз. Ал ЛГБТ-шниктер керісінше адамзатты осы ерекшелігінен айырып, жануардың деңгейіне түсірмек. Екіншіден кең таралған ең қауіпті аурулар осы ЛГБТ өкілдерінің арасында жиі кездеседі. Яғни, ВИЧ, СПИД секілді аурулардың негізгі тасымалдаушылары солар. Бұл әншейін сөз емес, зерттеулермен дәлелденген. Енді бұлар қоғамда белсеніп, жас балаларға өздерінің жиіркенішті қарым-қатынасын насихаттауға көшкен. Олардың пропагандасы отбасы институтын бұзады. Осы идеологияны насихаттаушылардың да көздегені сол болса керек. Қазір ЛГБТ-ны насихаттап жүргендер қазақ қоғамын құрдымға кетіруді көксейді деп ойлаймын. Сәбит РЫСБАЕВ, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар