Threads желісінде Шамиддинов атты белсенді азамат таратқан ақпарат елдің қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Шамиддиновтың жазуынша ЛГБТ өкілдері Палестина халқына қолдау көрсету мақсатында шеруге шығыпты.
Өз тарапыыздан іздестіріп көріп, таяу күндері ешқандай ЛГБТ өкілдерінің ешқандай шеруге шыққаны туралы ақпарат кездестірмедік.
Десек те, Шамиддиновтың бұл жазбасы біздегі дін өкілдерінің талқысына түсті.
Бір тарап ЛГБТ өкілдеріне аздап іші жылығандай пікір жазса, келесі бір тарап "астағфируллаһ, Алла бір жыныстыларды кешірмейді", "бұл да еврейлердің кезекті сценарийі" дегенге саятын пікірлер жазуда.
