Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденованың бір мерекелік жиында ән айтып, билеген видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
"Түрлі түрлі екенсің" дейтін Сейдолла Бәйтерековтің әнін құйқылжыта, мүдірмей орындаған Лидия Кәденова әннің ырғағымен қосыла тербеліп биледі.
Көптен ел алдына шықпай кеткен Лидия Кәденованы әлеуметтік желіде көрген жұртшылық сағыныштарын, ізгі лебіздерін білдіріп, пікір жазуда.
"Сахнаға шықса екен, сағындық", "біраз қартайыпты", "осы жасында ән айтып, осылай билеп жүру ерлік қой", "осылай қартайсақ, арманымыз жоқ" деген пікірлер жазылуда.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.