"Маған ұқсаса, сотталып кетер еді" деген актер бар шынын айтып қойды

"Маған ұқсаса, сотталып кетер еді" деген актер бар шынын айтып қойды

Өзінің әйеліне қатаң қарайтынын айтқан актер, қартайғанда келіншегі аузына су тамызатын-тамызбайтынын айтып күмәнданды, деп жазады Democrat.kz.

«Біздің үйде менікі дұрыс немесе мен қателескен жоқпын. Екі-ақ вариант бар, болды. Сондықтан да соған көніп, қасымда жүрген Нүргүлге басымды иемін. Маған «Бауыржан шоудағы» Қаракөз, Бақыт, Әбунасырлар  «бірінші ажырасып, екі-үш қатын алатын сен болатын шығарсың деп ойлағанбыз» дейтін.

Солай айтқандардың өздері айырылысып кетті. Соған қарағанда ерекше махаббат па, кешіре алу қасиеті ме?», – деп әйелінің төзімділігін алға тартты. 

Сондай-ақ актер балаларының нағашыларына тартқанына қуанатынын жеткізді. «Егер мен сияқты болса, баяғыда сотталып кетер ме еді немесе бес қатын алар ма еді», – деп ағынан жарылды. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар