"Махаббатым болды": Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен арадағы құпияны ашты

"Махаббатым болды": Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен арадағы құпияны ашты

Танымал әнші Сиви Махмуди «Кездесу» бағдарламасында жеке өміріне қатысты бұрын көп айтыла бермеген жайтты бөлісті, деп хабарлайды Democrat.kz.


Өнер иесі кезінде әнші Алмас Кішкенбаевпен араласқанын жасырмай айтып, тіпті алғаш болып өзі хабарласқанын жеткізді.


«Алмас “Суперстарға” қатысқанда 18 жаста, ал мен 15-16 жаста едім. Ортақ құрбымнан номерін сұрап, өзім жаздым. Ол кезде кішкентаймын ғой. Тіпті суретін шығарып, фотошоппен екеумізді қосып, бөлмеме іліп қоятынмын. Солай араласып, дос болып кеттік. Бала махаббаты болды. Бірақ қол ұстасып та көрмедік. Алмасқа да рақмет, менің қолымды ұстамаған», – деді әнші.
Әншінің бұл ашық әңгімесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі сыни пікірлерін қалдырды.


"Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп": Сиви Махмуди өнердегі әріптестері туралы айтты
«Сабинаны жолда қалдыратын адам табылды-ау»: Сиви Махмуди сахнаға қайта оралды

 

Барлық жаңалықтар