2022 жылы ресми түрде қайтыс болды деп танылып, мәйітханаға жеткізілген ер адамның кенеттен оянып, орнынан тұруы — мистика емес, бейнекамераға жазылып қалған нақты медициналық факт деп жазады Democrat.kz.
Ғылымда бұл өте сирек кездесетін құбылыс «Лазарь синдромы» немесе кешіктірілген ауторесусситация (өздігінен тірілу) деп аталады.
Бұл процестің физиологиялық механизмі адам ағзасының экстремалды жағдайдағы қорғаныс қабілетімен тікелей байланысты.
Мұндай кезде жүрек соғысы мен тыныс алу сияқты өмірлік көрсеткіштер сыни деңгейге дейін баяулап, ағза энергияны барынша үнемдеу режиміне, яғни терең анабиоз күйіне көшеді.
Жүрек бұлшықетінің жиырылуы тым әлсіз болғандықтан, стандартты медициналық құрылғылар оны тіркей алмай, қателікпен «клиникалық өлімді» көрсетеді. Көбіне бұл құбылыс реанимациялық шаралар тоқтатылғаннан кейін бірнеше минуттан соң орын алады. Кеуде қуысындағы қысым қалыпқа түскен сәтте қан айналымы қайта ашылып, жүрек өздігінен соға бастайды.
Осы оқиға әлемдік медицинаға үлкен сұрақ тастады: клиникалық өлім мен қайтымсыз биологиялық өлімнің нақты шекарасы қайда?
Бұл жағдай адам ағзасының біз әлі толық танып-білмеген тылсым мүмкіндіктері мен өзін-өзі қалпына келтіру резервтері бар екенін айқын дәлелдейді.