"Мәйіті өртелген полицей" оқиғасына қатысты тағы бір сұмдық деректер мәлім болды

"Мәйіті өртелген полицей" оқиғасына қатысты тағы бір сұмдық деректер мәлім болды

Алматы облысының Кеген ауылында 37 жастағы аға жедел уәкіл Аслан Әлсеровтің денесі табылып, қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы оқиғаға қатысты күдікті ретінде марқұмның әйелі мен екі баласы ұсталған болатын. Осы қайғылы оқиғаға қатысты журналист Руслан Өтепбайға арнайы сұхбат берген Асланның әйелінің сіңлісі тағы бір шындықтарды мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Марқұм Аслан Әлсеровтің туған балдызы өзі байқаған бірнеше күдікті жайтқа назар аударуды сұрайды.

"Бәрінен де балаларға обал болмасыншы. Бұл сұхбатты да сол мақсатта беріп отырмын. Бұдан бөлек, қылмыстық оқиға болған үйге мөр басылып, жабылған болатын. Бірақ жездемнің інісі Жасұлан сол үйді ашқанын білдік. Үйден сұр папканы алып кеткен дейді. 

Әпкемнің айтуынша, тергеуге керекті барлық материалдар сол сұр папканың ішінде болған. Сонымен қатар әпкем Аслан мен менің телефондарымның ішінде барлық дүниелер бар деген. Кегеннің учаскелік полициясы оқиғаның телефонға түсірілгенін айтқан дейді. 

Әпкем де Кеген учаскелік полицейі телефондағы дүниелерді көріп, төбе шашы тік тұрғанын айтқан", - деген күдіктінің сіңлісі тергеу әділ жүргізілсе екен деген тілегін жеткізді. 

 

Барлық жаңалықтар