"Мәжілістегі масқара": Еділ Жаңбыршин спикерден ескерту алды

"Мәжілістегі масқара": Еділ Жаңбыршин спикерден ескерту алды

Бүгін Парламент Мәжілісінде депутаттар Кәсіпкерлік кодекске енгізілетін өзгерістерді талқылады. Заңның кәсіпкерлікті тексеру туралы баптары сөз болғанда, кей депутаттар өзара айтысып, тіпті бір бірін "лоббист" деп те атады деп жазады Democrat.kz. 

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев заң жобасындағы кей баптармен келіспейтінін білдіріп: 

» Бір кәсіпкерге 40 тексерушіден келеді… Сонда қай уақытта жұмыс істеп, өнім шығарып, мемлекетке салық төлейді? Ұлттық экономиканы дамыту мен инвестиция тарту артқа қалып жатыр. Ал шенеуніктердің мүддесі мен құзыреті бірінші орынға шығып жатыр», – деді.

Ал осы заңның авторларының бірі Еділ Жаңбыршин болса, әріптесінің аргументіне толықтай қарсы шығып, ірі бизнестің мүддесін қорғаған «лоббист» деп атады.

«Егер бизнес дұрыс жұмыс істесе, еш сұрақ жоқ. Бірақ мойнына алған міндеттемені орындамаса, оған сұрақ бар. Егер бизнес әділ жұмыс істеп жатса, неге бізде проблема бар? Өндірісті қолдайтын, соған лобби жасап отырған депуаттар осыны айтыңыздаршы? Неге олар талапты орындамайды? Мүмкіндік берілді, неге дұрыс, таза технологияны пайдаланбайды? Бизнеске жүктеме болады дейді. Шағын және орта бизнеске еш жүктеме болмайды, манипуляция жасамау керек», – дейді депутат.

 Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «лоббист» сөзі үшін Еділ Жаңбыршинге ескерту жасады.

Барлық жаңалықтар