Оқу жылының соңында онсыз да министрліктің "өр, өрме, өр, өрме" деген сияқты түрлі жаңалықтарынан жүйкесі шаршап жүрген ұстаздарды бір тараптан оқушылар да басып, жаншуға ұмтылуда. Сондай бір келеңсіз оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads желісін қолданушы ұстаз сыныбында оқушымен арада болған сорақы жағдайды айтып, жан айқайын жеткізді.
"Саламатсыздар ма, мұғаліммін. Бүгін бір жайсыз оқиға болды. Сыныпқа кірсем, оқушылармен тұрып амандастық, бір қыз тұрмай отыр, оған дейін қоңырауда, басқа сабақта ойнап, ноп нормально жүргенін көрдім.
Сол қыз өтірік аяғым ауырып тұр, тұрмаймын деп қасарысты. Мен де тұра ғой, тұр амандасайық дедім. Бір кезде "мал мұғалім екенің көрініп тұрғо, малсың, сен кімсің, орныңды біл" деп қояды маған. Директорға тұр кеттік десем, қазір өзім звандай саламын деп телефон соғып болған жағдайды айтып тұр.Себебі оқушы бірден директорға қоңырау шала салу деген мені таң қалдырды.
Ата аналар балаларыңызды тәрбиелеңіздер, өзім де анамын. Қазіргі балаларда шамадан тыс көп доступ, ауыздары өте лас.
Қоңырауда барамын деді де телефонды қойып қойды. Сабағымды өттім, қоңырауда директорға барсам орнында жоқ екен бүгін. Ертең талқылаймын.
Жалпы сұрайын дегенім менің жағдайымда не істеуге болады, менің орнымда болсаңыз не істер едіңіз.
Үстінен арыз жаза аламын ба? Бүкіл сыныптың көзінше сөйлеп тұр, көз жұмып қарай алмайды екенмін. Бұл мектепке жаңадан келгенмін, сонда директордың, оқу, тәрбие орынбасарларының, мұғалімнің қадір қасиеті жоқ па мына мектепте деген ойға келдім",деп жазды жәбір көрген ұстаз.
Қолына қалам ұстауды, әріп тануды үйреткен ұстаздарға оқушылардың "малсың" деп айтатындай деңгейіне түскеніміз бе, бұл қалай?
Титтей оқушының алдында мұғалімдердің дәрежесінің осыншама түсуіне кімді, нені кінәлаймыз? Қайтпек керек?
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

