"Мама, туа бермеші!" деген қыздың жан айқайы жұртты шулатты

"Мама, туа бермеші!" деген қыздың жан айқайы жұртты шулатты

Әлеуметтік желіде тағы бір мектеп жасындағы қыздың "мама,туа бермеші" деген жан айқайы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Еске сала кетейік, былтыр да дәл осыған ұқсас жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп, "мама, туа бермеші" деп жылаған кішкентай қыздың әрекеті сөз болған еді.

ТикТок желісінде Мөлдір есімімен тіркелген парақшада "мама, неге туа бересің? Мынаның өзі де жетеді ғой" деп жыламсыраған  кішкентай қыздың видеосы мыңдаған кісіге пікір жазуға итермеледі.

Мектеп жасындағы қыздың ішкі жан айқайын жақсы түсінгендер "қыз дұрыс айтып отыр, балаға бала бақтыруға болмайды", "обал ғой, неге титтей қызға бала қарасың", "баланың балалығын ұрлама", " бала тусаң, өзің қара, қызыңа бақтырмай" дегенге саятын пікірлер жазуда.

Ал келесі бір кісілер "қыз деген шешесіне жәрдем етуі керек, бәріміз солай бала бақтық" дегенге саятын пікірлерін білдіруде.

Жалпы, баланы топырлатып туып, оларды бір біріне лақтырып қою дұрыс па, сіз қалай ойлайсыз?

Барлық жаңалықтар