МӘМС-тен ақша алу үшін 140 мың адамның аты пайдаланылған

МӘМС-тен ақша алу үшін 140 мың адамның аты пайдаланылған

Қаржылық мониторинг агенттігі жеке медициналық ұйымдардың МӘМС қорынан заңсыз қаражат алу үшін шамамен 140 мың азамат туралы жалған тіркеу мәліметтерін пайдаланғанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.

Қазақстандағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тағы бір ірі тәуекел анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми мәліметінде кей жеке клиникалар МӘМС қорынан ақша алу үшін 140 мың азаматтың жалған тіркеу деректерін көрсеткені айтылды. 

Яғни мәселе пациенттің шын мәнінде ем алған-алмағанын тексеретін жүйеге тіреледі.

Бұған дейін Үкімет медициналық қызметтерді цифрлық бақылауға көшіру барысында Face ID енгізудің жалған тіркеулер санын азайтып, миллиардтаған теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік бергенін хабарлаған. 

 

Барлық жаңалықтар