Мақпал Жүнісова екінші рет күйеуге шығу туралы айтты

Мақпал Жүнісова екінші рет күйеуге шығу туралы айтты

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова жеке өміріне қатысты көпшілікті қызықтырған сауалға нақты жауап берді. Өнер иесі жары марқұм Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғаннан кейін неге қайта тұрмыс құрмағанын ашып айтты, деп хабарлайды Democrat.kz.


Өнер иесінің айтуынша, сөз айтқан кісілер болған. Алайда Мақпал Жүнісоваға анасы екінші рет күйеуге шығуына рұқсат бермеген екен.


«10 жылдан кейін анама айттым: «Мама, егер маған бір жақсы адам кездессе, маған күйеуге шық деп айтса, сіз қалай қарайсыз?», - дедім. Көзі шарасынан шығып, түрі бұзылып кетті. «Әй, қарағым, Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма» деді.

Содан жұмған аузымызды ашқан жоқпыз. Біреу қараса да қараған жоқпыз. Тып-тыныш жүрдік, себебі шешемізден қорқамыз. Алдыңда анаң болса, сен әлі бала сияқтысың дейді. Сол рас екен. Біз соны тыңдаймыз енді», - деді әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің  тәрбиесіне тәнті болды.

 

Барлық жаңалықтар