Марафонда хиджабсыз жүгірген әйелдер жазаланды

Марафонда хиджабсыз жүгірген әйелдер жазаланды

Иранның сот билігі екі марафон ұйымдастырушысының хиджаб кимеген әйелдерді жарысқа қатыстыруға рұқсат бергені үшін ұсталғанын хабарлады. Бұндай шешім интернетте жұма күні өткен жарысқа хиджабсыз қатысқан әйелдердің суреттері тарағаннан кейін қабылданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Марафон Иранның оңтүстігіндегі Киш аралында өтіп, оған 2 мың әйел және 3 мың ер адам қатысқан. Суреттерден қызыл футболка киген кейбір әйелдердің хиджабсыз немесе басқа бас киімсіз жүгіргені анық көрінеді. Оқиға қоғамда қарама-қайшы пікір туғызды.

Өзгерістерді қолдайтын ирандықтар бұл фотоларды әйелдердің билік белгілеген киім шектеулерін мойындамайтынының дәлелі ретінде қуана қарсы алды. Ал Иран билігі бұл жағдайды қолданыстағы тәртіпке қарсы ашық сын-қатер деп бағалап, оны қабылдауға болмайтынын айтты.

Содан кейін сот органдары марафон ұйымдастырушыларына қатысты жылдам шара қолданды.

Хиджаб ережесінің бұзылуы ғана емес, жалпы әйелдер қатысатын марафонның өзі теократиялық ислам билігінің тарапынан сынға ұшыраған.

Барлық жаңалықтар