"Марапатты лайықты адамдар алды ма?" деген қоғам белсендісі өз ұсынысын айтты

"Марапатты лайықты адамдар алды ма?" деген қоғам белсендісі өз ұсынысын айтты
Қоғам белсендісі Мақсұт Таңжарықұлы таяуда ғана талай танымал кісіге берілген мемлекеттік марапаттарға қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Марапатты лайықты адамдар алса халық ештеңе демейді.
Біз кез келген атақтың қадірін түсіріп жібереміз ғой.
Құрмет ордені.
 
Деңгейін түсірмей, қадірін кетірмей ұстап тұратын орден еді ғой.
Мысалы Ақселеу Сейдімбек, Дулат Исабек, Е.Хасанғалиев, Мекемтас Мырзахметов, Нұрғали Нүсіпжанов, Лидия Кәденова, Меруерт Өтекешова Роза Рымбаева тағы басқалар алғасын, ары қарай ол орденнің деңгейі түспеуі керек қой. Жоқ әкесс, деңгейін түсірдік.Қайрат Нұртас, Динара Сәтжан, М.Әуелбековаларға бердік.
 
Ақселеу алған орденді Динара, Қайраттардың тағуы, орден деңгейі түспеген емей не енді.
Құрмет ордені көптеген министрлер, обл әкімдері, парламент депутаттарының біразында бар.
Ешкім кенде қалмапты.
 
Шен жайлы, 40 жасқа жетпей генерал болатынымызды айтпай ақ қояйын.
 
АҚШта полиция бөлімшесін лейтенанттар басқарады.
Ал бізде майор, подполковниктер барып кел шауып кел жұмыстарда жүр.
 
Кез келген атақ шеннің деңгейі түспеуі керек.
Президентке осыны жеткізетін адам болса..." деп жазды Мақсұт Таңжарықұлы. 
Барлық жаңалықтар