Марқұм Айзат Жұманованың күйеуіне сот үкімі шықты

Марқұм Айзат Жұманованың күйеуіне сот үкімі шықты

Талдықорғанда «күйеуі ұрып өлтірді» делінген 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына қатысты сотта үкім оқылды деп жазады Democrat.kz. Тіл кеспек жоқ парақшасына сілтеме жасап.

Бұған дейін жарыссөзде марқұмның анасы Айбар Жанболатты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал прокурор айыпталушыны 15 жылға соттауды сұраған еді.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот жәбірленуші жаққа моральдық шығын ретінде 20 млн теңге төлеуді де міндеттеген.

32 жастағы Жетісу облысының тұрғыны Айзат Жұманованы «күйеуі ұрып өлтіргені» туралы ақпарат биыл маусымда белгілі болған. Ол кезде марқұмды күйеуі атқа сүйреп өлтірген деген ақпарат тараған. Оқиға Баласаз ауылында болған.

 

Барлық жаңалықтар