"Марқұм Арон Атабек Баян Алагөзованың әкесімен жақын араласты" деген Аронның қызы бір құпияны ашты

"Марқұм Арон Атабек Баян Алагөзованың әкесімен жақын араласты" деген Аронның қызы бір құпияны ашты

Қоғам қайраткері, марқұм Арон Атабектің қызы Алма Нутушева әкесі туралы елге беймәлім бір құпиямен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Алма Нутушева әкесі ұзақ жылдар бойы тәңіршілдік ілімін тереңнен зеттегенін айтады. 

"Баян Мақсатқызының әкесі Мақсат Мухитденов екеуі бес жыл бойы Күлтегін жазбасының аудармасын жасады. 

Әкем екі мыңнан астам адамы бар әлемдік ұйымға мүше болды. Бұл ұйым өкілдері ескі түрік тілдерінің аудармасымен айналысады. 

Әкем Күлтегіннің жазбасын орыс тілінде өлең мәнеріне салды. Сонымен қатар марқұм әкем Қазақстанда тәңіршілдік ұстанымының идеясын бірінші болып насихаттаған тұлғаның бірі. 

Әкем тәңіршілдікті дін деп емес, дүниетаным ретінде қарады. Десек те, әкем барлық діндерге құрметпен қарады. 

Өмірінің соңғы минуттарында, соңғы демі шығар сәтте әкем тілін кәлимаға келтіріп кетті", деген Алма Нутушева әкесіне қатысты түрлі жалған дүниелер айтудың керегі жоғын айтты. 

Барлық жаңалықтар