Марқұм Асанәлі Әшімовтің атын пайдаланған әкімдік қызметкері сотталды

Марқұм Асанәлі Әшімовтің атын пайдаланған әкімдік қызметкері сотталды

Марқұм Асанәлі Әшімовтің атын өз өтірігіне пайдаланбақ болған ақтөбелік экс шенеунік сот залынан қамауға алынды деп хабарлайды Democrat.kz.

Ақтөбе қаласы әкімнің аппарат жетекшісі Нұрсұлтан Исембайұлы қала тұрғынына жер алып берем деген уәдемен 2022 жылы 3 миллион теңге алады. 

Ақшаны 2022 жылғы 27 қыркүйек күні түсте кабинетінде алады. Алайда тұрғын жерін де ала алмайды, ақшасын да қайтара алмайды. 

Аталған іс бойынша сот болып, процесс кезінде аппарат басшысы барлық дәлелді мойындамай, аталған күні Ақтөбеге келген актер Асанәлі Әшімовті қарсы алуға әуежайға кеткенін, кабинетте болмағанын, сол күні актерді қонақүйге орналастырып, қассында болғанын айтып, "соттан ақталып" шығады. Оның айтқандарына жүргізушісі куәгерлік етеді. 

Кассациялық сотта Нұрсұлтан Исембайұлының бүкіл былығы әшкере болған. Прокуратура Асанәлі Әшімовтің айтылған уақытта Ақтөбеге келмегенін, ал Нұрсұлтан Исембайұлының аталған күні әкімдік ғимаратының ішінде болғанын анықтайды. 

 

 

Барлық жаңалықтар