Әлеуметтік желіде марқұм абыз ақсақал Асанәлі Әшімовтің соңғы рет жасаған фото сессиясының видеолары тарады деп жазады Democrat.kz.
"Аңыз адамның соңғы портретін түсіру бұйырыпты. Асанәлі ағамыз студияға кірген кезде "сіздердің студияларыңыз ба?" Деп сұрады.
Негізі суретке түсірем деп ойламадым, бірақ театр басшыларынан сұраған өтінішіммен тарихи сәтті таспаға алып үлгеріппін" деп жазған театр фотографы, кинорежиссер Ескендір парақшасында студиядағы көріністің видеосын да жариялады.