Әлеуметтік желіде парақша ашқан марқұм Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова жұртты жоқтауымен жылатты деп жазады Democrat.kz.
Сағина Әшімова әкесін жоқтап "жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр.
Амал дәптері әрдайым ашық болсын.
Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын.
Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз..."деп жазып, "әрине, бұл қайғыны да көтерермін, басқа амалым бар ма" деп марқұм әкесімен түскен ескі суреттерді бөлісті.
Сағинаның бұл жазбаларына қатысты жұрт "еріксіз көзімізге жас толы", "бекем бол, қызым" деп көңіл айтып, абыз ақсақалдың аруағына дұға етті.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.