Журналист Мадина Оқас марқұм, абыз ақсақал, қазақ кино өнерінің жарық жұлдызы Асанәлі Әшімовпен болған соңғы кездесуі мен естелігі туралы бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті деп жазады Democrat.kz.
"Асанәлі Әшімовке қыркүйекте кіріп-шықтым. "Ееее, келдің бе? Кееееел",-деп қарсы алды. Керегімізді түсіріп болып, камераны жинап жатыр едік, ақсақал оператор баланы әңгімеге тартты.
Екеуара қысқа таныстықтан соң, "Съёмкаға келгендер суретке түсейікші деуші еді, түсесің бе?",-деді. Операторым мәз) - Асанәлі Әшімовтің өзі сені суретке түсуге шақырды, бақыттысың ғой,-деп қойып ем...
Сол сәттердің өзі естелікке айналып кете барды. Менде ақсақалмен фото көп-етін. Сол кездесуде кейінгі ұрпаққа айтар аманат сөзін видеоға жазып алғанмын.
Қазақ өнерінің қаймағы ғой, айтып кеткен асыл әңгімесін тыңдар құлақ көп болса екен деймін..."деп жазған Мадина Оқас марқұм актермен түскен соңғы видеосын жариялады.
Видеода Асанәлі Әшімов: "Кейінгі ұрпаққа айтарым, таза, адал болып, отаныңды, халқыңды сүйіңдер. Болашақ сендердің қолдарыңда.
Ол үшін ең алдымен білім керек. Халқымыз білімге сәл шорқақтау болып жатыр. Сол үшін білімді, мәдениетті ел болуға күш салыңдар"дейді.