Танымал этнограф Досымбек Қатыран жаназа ғұрпының бірі "жыртыс таратуға" қатысты айтты деп жазады Democrat.kz.
"Жыртыс тек әйел қайтыс болғанда ғана таратылған. Бұрын қымбат матадан әжептәуір үлкен матаны жыртыс деп берген.
Оның мағынасы да көп жасаған адамның жыртысын жинап, кейін бала тұрмаған үйде сондай жыртыстан құрап кеудеше тіктірген" дейді этнограф.
Этнографтың бұл пайымына қатысты әр аймақтың қазақтары өздері білетін ғұрыпты айтуда.
Бірі "біз жақта жыртысты әйелдің күнәсі төгілсін деп таратады" десе, енді бірі "марқұмның еті сүйегінен оңай ажырасын деп береді" деген пікір айтуда.