Марқұм Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалған ұлының мәйіті табылды

Марқұм Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалған ұлының мәйіті табылды
Алматыда жоғалып кеткен әнші Гүлнұр Сиқымбаеваның ұлы өлі табылды деп хабарлайды Democrat.kz.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желіде хабарлады.

«Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Естеріңізде болса, туыстары Баирдың 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жәннатта болсын»,- деп жазды ол.

Айта кетейік, Баир 24 наурызда Алматыдағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, оралмаған.
 
 
Барлық жаңалықтар