Таяуда қоғам тарапынан Қазақстанның халық жазушысы, танымал ақын, таяуда қайтыс болған Мұхтар Шахановтың атын Алматыдағы Розыбакиев көшесіне беру туралы ұсыныс жасалғаны мәлім. Осы мәселеге байланысты әлеуметтік желіде өзге ұлт өкілі әдепсіз сөздерімен қарсылық танытып, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде Mambethador деген атпен парақша ашқан адам қазақстандықтардың "Алматыдағы Розыбакиев көшесінің аты Мұхтар Шахановтың атына ауыстырылсын" деген талаптарына наразылық білдіріп видео жариялады.
"Шаханов деген кім? Атының өзін айту қорқынышты. Желтоқсандық бандиттерді ақтаған тип. Қазақстан үшін ол не істепті соншама?
Көшенің атын ауыстыру үшін петиция жариялаған қандай алматылықтар өзі?
Розыбакиевтің атын әлдебір шарлатанның атына ауыстырмақ. Неге? Өйткені Розыбакиевтің ұлты ұйғыр. Сол себепті де әлдебір шарлатанның атына ауыстырмақ" дейді әлгі наразы адам өз видеосында.