Марқұм Мұхтар Шахановтың әйелінің сұхбаты қызу талқыға түсті

Марқұм Мұхтар Шахановтың әйелінің сұхбаты қызу талқыға түсті

Таяуда ғана қайтыс болған белгілі ақын Мұхтар Шахановтың әйелі Ханшайым апаның бұрындары берген бір сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Ханшайым апа өз сөзінде Мұхтар Шахановқа тұрмысқа шықпас бұрынғы анасының сөзін еске алды: "Анам "қызым, сен үлкен адамға тұрмысқа шыққалы отырсың, мойныңа артылатын жүктің де жеңіл болмайтынын түсініп отырсың ба? Қандай жағдай болса да, Мұхаңа сүйеу болып, жанына жалау бола аласың ба?"деп сұрады. 

Анамның барлық сұрағына сенімді түрде "иә" дедім. Сол күннен бері қол ұстасып, талай жылды артқа тастап, бірге келеміз. 

Мұхаң мені "Патшайым"деп атайды. Әркез маған разылығын білдіріп, алғысын жаудырып отырады. Мұндай үлкен тұлғамен бірге өмір сүру үлкен мектеп болды маған", деді.

Желіде тараған бұл видеоға қатысты жұрт жылы лебіздерін білдіріп, марқұм Мұхтар Шахановтың әйелінің тектілігіне разы болуда. 

Барлық жаңалықтар