Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың рухына бағышталған қырық күндік асының уақыты мен орны белгілі болды. Ақынның асын Шымкент қаласының әкімідігі Алматыда ұйымдастырып отыр деп жазады Democrat.kz. сайты Kursiv.media-ға сілтеме жасап.
Марқұмның қырық күндік асы 30 мамыр күні Алматыдағы «Triumph Hall» мейрамханасында сағат 13:00 де өтеді.
Еске сала кетейік, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні дүниеден өткен еді. Ақынмен қоштасу рәсімі өтіп, кейін денесі Түркістанға жеткізіліп Отырар ауданында жерленген еді.