Марқұм Болат Назарбаевтың тоқалы болған Динара Алжан "Қайрат" клубының басшысы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен сұхбаттасқанын айтып, мақтанды деп жазады Democrat.kz.
"Бүгінгі кездесу расымен ерекше өтті күшті энергия, пайдалы әңгіме, шынайы шабыт! Қайрат мырзаның @kairat4 зиялы болмысын, көрегендігін және басшылық қасиетін тағы бір рет байқадым. Әр сөзі тәжірибе, әр әрекеті мотивация. Оның @f.c.kairat командасына үлкен табыстар, жаңа белестер және биік жетістіктер тілеймін!" деп жазды Динара Алжан.
Әйтсе де, оқырмандары Динараның жазбасына қатысты "қармақты алтын балыққа салыпты", "уысқа түсірдің бе?" дегенге саятын пікірлер жазуда.