Джеффри Эпштейннің хаттарында Рахат Әлиевтің аты аталып, оның АҚШ-пен байланыс орнатуға тырысқаны туралы жазылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Хаттарда Әлиев бірнеше рет қауіпсіз елге көшуге және туыстарының бизнесінен алынған деп саналған, шамамен 2 млрд долларды қайтаруға көмек сұрағаны айтылады. Ол бұл әрекеттер арқылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты «сергелдеңге салуды» мақсат еткен.
Сол кезеңде Обама әкімшілігі араласудан бас тартты. Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоагланд хаттарында Әлиев пен қазақстандық билік Вашингтонды өз мүддесі үшін пайдалануға тырысатынын ескерткен екен.