Марқұм режиссердің өкінішке толы ескі видеосы жұрттың талқысына түсті

Марқұм режиссердің өкінішке толы ескі видеосы жұрттың талқысына түсті

Белгілі режиссер марқұм Болат Атабаевтың қыздар мен жігіттерге айтқан ескі бейнежазбасы көпшіліктің талқысына түсті, деп жазады Democrat.kz.

Шығарылымда жастар алдында тұраған режиссер «Қыздар тұрақтылыққа тұрмысқа шығады, жігітке емес. Егер жігіт біресе көл, біресе шөл, ырың-жырың болып жүрсе, кім оған байға тиеді.

Сондықтан жігіттер, естеріңде болсын! Менде кезінде сол тұрақтылық болмады. Түнгі көбелек қуып кеттім. Көп қуып жүрдім», – дейді өткеніне өкініп. 

Бұл сөзді естіген желі қолданушылары да ер азаматтарды ерте жастан есін жинауға шақырды. 
«Ұғып алыңдар, ағамыз бәрін басынан өткізген соң ақылын айтып отыр», «Болат ағам мойындапты ғой, ол да ерлік. Нағыз азамат еді ғой», «Дұрыс айтып тұр. Тұрақты мінез, тұрақты махаббат болу керек», «Басынан өткен соң айтып тұр. Сабақ алыңдар. Қартайғанда жалғыз қалып өлді. Мықты кісі болған», – десті Атабааевтың көзін көрген көпшілік.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар