Марқұм Шахановтың аруағын қорлаған Серікжан Біләш туралы шындық айтылды

Марқұм Шахановтың аруағын қорлаған Серікжан Біләш туралы шындық айтылды

Қоғам белсендісі Қыдырәлі Оразұлының айтуынша, Серікжан Біләштің «Шаханов маған арыз жазды, сотта куәгер болды» деген сөзі – нағыз жалған, деп жазады Democrat.kz. сайты  Ertenmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Оның ойынша, Серікжан Біләш шын мәнінде Мұхтар Шахановқа жала жауып отыр. Мұндай сөздер Шаханов қайтыс болғаннан кейін айтылғаны да дұрыс емес. Қыдырәлі Оразұлы Серікжан Біләшпен бұрын жақын араласқан адам ретінде бұл істің мән-жайын өте жақсы білемін дейді.

Қыдырәлі Оразұлы 2017 жылы Қытайдағы қазақтарды қорғау мақсатында «Атажұрт» ұйымын құрғанын, алғашында ұйымға Серікжанның мүлдем қатысы болмағанын айтады. Ол кезде Қытайдағы қазақтарды қорғауға Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Совет-Хан Ғаббасов сияқты танымал азаматтар белсенді қолдау білдіргенін айтады.

– 2017 жылдың маусымында Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Қытайдағы қандастар мәселесін көтеруді өтініп, Мұхтар Шахановқа арнайы өтініш айттық. Шаханов сол кезде бұл мәселені көтеруге келісім бергенімен, кейіннен оны құрылтайға шақырмай қойған. Соған қарамастан, Шаханов бастаған жазушылар мен қоғам қайраткерлері бұл мәселені президентке ашық хат арқылы жеткізіп, мәселенің мемлекеттік деңгейде шешілуін сұрады, – дейді Қыдырәлі Оразұлы.

Қыдырәлі Оразұлының айтуынша, Серікжан Біләш ұйымға 2018 жылдың наурызында ғана қосылған. Ол кезде Шаханов бастаған жазушылар бір жылдан астам уақыт бойы Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген еді.

Оның сөзінше, Серікжан Біләш 2019 жылы ұсталған себебі – Ұйғыр ұйымдарының жиынында «Жиһад жасаймыз!» деп айтқан сөзі болған. Осы үшін оған терроризмді насихаттады деген айып тағылған. Бірақ Серікжан кейін бұл істі Мұхтар Шахановтың оған жазған арызына тіреп, жалған ақпарат таратып жүр.

Қыдырәлі Оразұлының ойынша, Серікжан Біләш мұны қасақана істеп отыр, себебі Шаханов ешқашан оған қарсы арыз жазбаған және сотта куәгер болмаған. Тергеушілер Серікжанды танитын адамдардан, соның ішінде Қыдырәлі Оразұлынан да тек куәгер ретінде сұхбат алған, бұл арыз жазумен бірдей емес.

Қыдырәлі Оразұлы 8 ай бойы жақын араласып жүргенде Серікжанның өтірік айтатынын, екіжүзді әрі сатқын адам екенін жақсы танып, кейін онымен байланысты үзгенін атап өтті.

Қыдырәлі Оразұлы бұл жазбасын Мұхтар Шахановтың абыройын қорғау және Серікжан Біләштің жалған сөзіне халықтың сеніп қалмауы үшін жазғанын жеткізді.

Барлық жаңалықтар