Марқұм Шерзаттың әкесін "хуторлықтар" ұрып тастаған ба?

Марқұм Шерзаттың әкесін "хуторлықтар" ұрып тастаған ба?

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты сот үкімінен кейін соққыға жығып кеткені туралы желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде таралған мәліметтерге сүйенсек, Қаржаубай ауруханаға түсіп қалғаны, оны «хуторлықтар» ұрып, видеоға түсіріп, таратып жіберген. Осы ақпаратқа қатысты Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев түсініктеме беріп, жағдайынан хабардар етті.
«Қазіргі уақытта Қаржаубайға қатысты әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарап жатыр. Аллаға шүкір, Қаржаубай аман-есен, дін аман. Оған ешкім зиян келтірген емес. Сол себепті мұндай ақпараттарға сене бермеңіздер. Желіде өзге де жалған ақпараттар тарап жатыр. Біз осыған қатысты жақында түсініктеме береміз», - деді адвокат Мейірман Шекеев.
Барлық жаңалықтар