Марқұм Смановтың елге сіңірген еңбегі еленіп, атақ берілуі керек дейді діндар

Марқұм Смановтың елге сіңірген еңбегі еленіп, атақ берілуі керек дейді діндар

Танымал діндар, уағызшы Данияр Кенжеұлы марқұм Абдуғаппар Сманов туралы естелігімен бөлісіп, мұсылман қауымның өкілдеріне үндеу жасады, деп жазады Democrat.kz.

Данияр Кенжеұлы марқұм Абдуғаппар  Смановпен алғашқы кездесуіндегі ерекше әсерін сағынышпен еске ала отырып: "Медресе табалдырығын аттауыма себепші болған кісі Абдуғаппар ұстаз еді. Ол кісінің ақиқатты ашық айтуы, ешкімнен қаймықпай сөйлеуі сол кезде көп жасты ойландырғаны рас" дейді. 

Абдуғаппар Смановтың басқа да ерекше қасиеттерін тізбелеп шыққан Данияр Кенжеұлы: "Жақында Қырғыз елінде Чубак қажыға "ел адамы" деген атақ беру ұсынылғанын естідік. 

Бұл қадамның астарында қоғамға нақты пайдасы тиген тұлғаны мойындау деген мақсат жатыр. Елге еңбек сіңіру тек саясатпен, экономикамен өлшенбейді. Жастарды теріс ағымнан сақтау, ішімдіктен, азғындықтан алыстату, рухани тірек болу да мемлекетке қызмет" дей келе, "Абдуғаппар ұстазға да осындай деңгейде құрмет көрсетілуі заңды" екенін алға тартады. 

Діндардың бұл жазбасын оқырмандары да қолдап, "дұрыс" деген пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар