Марқұм ұстазына хат жазған ақтөбелік оқушы жұртты жылатты

Марқұм ұстазына хат жазған ақтөбелік оқушы жұртты жылатты
Ақтөбе қаласындағы 4-сынып оқушысы жуырда өмірден өткен сүйікті апайын сағынып, әлі күнге дейін оның нөміріне хабарламалар жазып жүргені әлеуметтік желіде жұрттың жүрегін елжіретті деп жазады Democrat.kz.
 
Threads желісінде талқыланып жатқан бұл оқиға Ақтөбе қаласында болған екен. 
 
Апайын ерекше жақсы көрген оқушы, ұстазы өмірден өтіп кетсе де, бүгінге дейін оның уатсапп елісіне хат жазады екен. 
 
"Балалық жүрек сағынышты жасыра алмайды. Ұстаз деген тек білім беруші емес, кейде анадай мейірім сыйлайтын, баланың жүрегінде мәңгі із қалдыратын жан ғой. Осындай сәттер жақсы ұстаздың орны қаншалықты бөлек екенін тағы бір дәлелдейді…"дескен жұрт оқушының хабарламаларын жариялады
 
Барлық жаңалықтар