«Марқұмдардың атынан алынған несие»: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты тың ақпарат шықты

«Марқұмдардың атынан алынған несие»: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты тың ақпарат шықты

Атыраудағы атышулы қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында банк өкілдері сотталушы Сұлтан Сәрсемалиевтің марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің атынан жымқырған 4 миллион теңгеден астам қаржысын талап етпейтінін ресми түрде жариялады, деп жазады Democrat.kz. сайты Alash.kz.-ке сілтеме жасап.

КТК телеарнасының журналисі Жанат Молдашева жеке парақшасында былай деп мәлімдеме жасады:

«Сотталушы Сұлтан Сәрсемалиевтен 4 млн теңгеден астам шығынды талап етпейміз, кешірілді деді.

Каспи банк өкілдері «шығынды талап етпейміз, біз осылай шешім қабылдадық» деді.

Марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің атымен сотталушы 4 миллионнан астам қаржыға тауарлар сатып алып, оны жеке кәсіпкерлер арқылы ақшаға айырбастаған еді».

Барлық жаңалықтар