Марқұмның жетісін, қырқын таңғы 7-де өткізген тиімді ме?

Марқұмның жетісін, қырқын таңғы 7-де өткізген тиімді ме?

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Дінмұхаммед Абизов өзбектердің ерекше әдет-ғұрпы туралы жазба жариялап, ол жазба қызу талқыға түсуде деп жазады Democrat.kz.

"Өзбекстанға көңіл айтуға барып, бір жақсы үрдісті байқадым. Жетісі, қырқы сияқты рәсімдерді таңғы сағат 7-де өткізеді 8-8.30 аяқтайды. Адамдар ерте келіп, көңіл айтып, жұмысына асықпай барып жатады. Ыңғайлы!

Бізде ше? Түске қарай өткіземіз. Оның дайындығы, кешігіп келетіндер, қонақ асы, асты жүргізетін асаба... Соңында митингке айналып кететін кездер де болады.

Бізде жұмысқа деген көз қарасымызба, болмаса уақытымыз көп болғаныма" деп жазды Дінмұхамед Абизов.

Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты оқырмандары түрліше пікір жазуда:

"Сағат қай уақытта өткізетініне таласым жоқ, бірақ бұл өмірдегі ең құндысы ол адам- ата ана, туыс бауыр, дос жаран, ертелі кеш иті жоқ ауылға кетеміз, сондықтан жұмысты жоғары қойғанымыз дұрыс емес деп ойлаймын, бірақ азалы отбасыға той сияқты дастарқан жайып, ысырапшылдық жасауды тоқтату керек сияқты".

"Бізде 9-10-да жасаса,таң атпай жасағаны несі деп ренжиміз.Ауылды жерлерде жұмысқа кетіп бара жатқандар таңертең 6-7-де кіріп шығатын үрдіс бұрын бар еді,қазірде солай деп ойлаймын".

"Біздің бір жаман жеріміз жұмысты бірінші орынға қоймаймыз ғой. Той, құдайы ас, қонақ асы, біреудің шаш бауын көтеру бірінші орында тұрады. Сұрана береді, жібермесең сен жамансың. Кәсіпті нәсіп еткен өзбек ағайыннан үйренеріміз көп қой".

"Бізде бәрі ысырап екен. Уақыт мол ақшаңды әрнәрсеге жұмсап, керек емес дүниеге құртады екенбіз"

Барлық жаңалықтар