Марқұмның киімдерін бірден өртеп тастау керек пе?

Марқұмның киімдерін бірден өртеп тастау керек пе?

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Дария Ерғазина қайтыс болған кісінің киіміне қатысты сауал қойып, бұл сұраққа оқырмандары түрлі жауаптарын жазуда деп хабарлайды Democrat.kz.

"Менің сұрағым бар. Қайтыс болған адамның киімдерін қырқы өтпей жатып тарату қазақтың дәстүрінде бар ма? Менің әкем дүниеден озғанда, шешем киімдерін ешкімге берген жоқ. Қара шифонердің ішінде бүктеулі тұратын. Кейін біртіндеп азая бастады. Әкемнің қара тұлпы бертінге дейін сақталды. Соңғы уақытта марқұмның киімдерін туыстарға, дос-жарандарға тарату, жарамсызын отқа жағу үрдіс алған. Бұл қаншалықты дұрыс?" деп сұрады Дария Ерғазина. Қоғам белсендісінің бұл сауалына қатысты оқырмандары төмендегідей пікірлер жазуда. "Жас адамды, ер адамдарда қалай екенін білмеймін, әжем қайтқанда киімдерін туыстары таласа алып жатқаны есімде. Шубасын сүйегіне кірген рулас апаға берді, оны өзі “соған бересіңдер” деп шегелеп айтып кетті. Басқа да киімдерін қыздары, туыстары алды. Жүзік, білезіктерін де солай алды. Әжем өзі кімге не беретінін атап көрсетіп кетті. Бірақ үйде де біраз киімі қалды. Өзі бір уыс кемпір болса да, неше түрлі матадан көйлекті мол-мол қылып тіктіріп, кимей сандығына салып қоя беруші еді, “өлгенде таратасыңдар” деп. Мамам матаны да көп әкеле беретін әжеме деп. Кейін мен тұрмысқа шыққан соң өзі киген бір көйлегін үйіме әкеліп қойдым. Сандықта сақтаулы тұр. Әжем 92 жасында қайтты. Көп нәрсені білетін еді". "Қайтқан адамның киімдерін үйге ұстағанда қайтеді .Мен жолдасым қайтқанда қырқын бергеннен кейін туыстарды шақырып тараттым әринежақсы жақсы киімдерін көзіндей көріп жүріңдер деп . Сосын қалған киюге жарайтын киімдерін үй ішінде жұмысқа киіп тағы да қалғанын аяқасты қалмасын деп өртеп жібердік. Тағыда айтарым қазыр біреудікін біреу кимейді аяқ асты қалмас үшін өртеп жіберген дұрыс." "Әкемді жерлеп келген соң, бірден сүйекке кірген адамдарға ең бағалы,жақсы киімдерін бердік. Сосын жақын інілері, тумаларға таратып жібердік" "Қайтқан кісі ұзақ жасаса, 80-90 жас, теберік деп әкетеді. Жастардікін таратпайды, өз туыстары киіп тоздырады". "Бұрын марқұмның киімдері жетісінде таратылатын". Марқұмның киімдері егер тарату керек болса, қашан таратылуы керек? Таратылмаған киімдерін өртеп тастаған жөн бе, қалай ойлайсыз? Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар