«Мәсімовтың оң қолы» болған Индира Елеместің экс-күйеуі оны зар илетуде

«Мәсімовтың оң қолы» болған Индира Елеместің экс-күйеуі оны зар илетуде

Жуырда түрмеде жатқан күйеуінің үйін тартып алғанын айтып Президенттен араша сұраған Индира Елемес, енді оның өнерде жолын жауып жатқанын жеткізді, деп жазады Democrat.kz.

Мұның себебін әншінің өзі «Енді онда таныс көп қой. Сондықтан да бәріне «шақырмасын» деп айтқан. Бұндай нәрсе басымнан өту керек шығар. Халық іздейді, сұрайды.

Бәрібір күндердің бір күні қара тізімнің бәрі ақ тізімге айналады деп ойлаймын. Қазір мен жалғызбын, естіп жатырмын ол кісі көп жерге звондап жатыр екен:

«Шақырмаңдар, шықпайды, бізде келісімшарт бар» деген әңгіме айтып. Бізде ешқандай келісімшарт жоқ. Сондықтан да өз творчествома өзім жауап беремін» , –деді.

Алайда, желідегі жұрт жолын жабатындай күйеуінің қандай құдіреті бар екенін білуге асықты. Оқырмандар арасында оның қыр-сырына қанық адамдар аз болмай шықты. 

«Мәсімовтың оң қолы болған күйеуі Қалихан ғой», «Біздің Арыстың қызы. Мамам бір күні осы «Индираның төркінін байы бір түнде көшіріп әкетіпті» деп, «жұрттың қыздары пысық» деп маған пример қылған. Еще концерт беремін деп Арысқа келгенде «Нұр Отанның» басшылары жүгіргенін өз көзіммен көрдім. Енді бұл өмір, ешкімге де күлмеймін», – дейді Индираны екінші әйел болғанын меңзеген жұрт. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз, көшіріп жариялайтын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар