"Маскалы адамды танимын" деді танымал тарихшы Сұлтан Хан Аққұлы

"Маскалы адамды танимын" деді танымал тарихшы Сұлтан Хан Аққұлы

Белгілі тарихшы, Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында жұртты белгісіздігімен қызықтыратын "Маскалы адамға" қатысты қызық бір дүне айтты деп жазады Democrat.kz.

Сұлтан Хан Аққұлы жұртқа шексіз қайырымдылық жасап жүрген жігіттің кім екенін шамалап білетінін жеткізді.

«Бетіне бетперде тағып, көзілдірік киген ұзын бойлы жігіттің қайырымдылық жасап жүргенін көріп жүрміз. Менің ойымша, ол – Димаш Құдайберген болуы мүмкін. Немесе Димаштың атынан игі істермен айналысып жүрген жақын досы шығар. Бір қызығы, мұндай пікірді айтып жүрген адамдар аз емес. Егер қателесіп жатсам, оған бола ренжімеймін. Қалай болғанда да, бұл – халқымыздың жанашыр азаматы. Оның жасап жүрген ісі өз қамын ғана күйттеген байларға үлгі боларлық», – деді Сұлтан Хан Аққұлы.

Барлық жаңалықтар