"Матуридилер өзара "шайқасуды" әйелдің етеккірінен бастады"

"Матуридилер өзара "шайқасуды" әйелдің етеккірінен бастады"

Қазақстандық әйел және еркек уағызшылар бір бірімен әлеуметтік желі арқылы айтысып жатыр деп жазады Democrat.kz.

Діндарлар не себепт айтысып жатыр? Ел болашағы, ғылым, білім үшін деп ойласаңыз, оңбай қтелесесіз. 

Сол баяғыша тізе мен белдің ортасындағы "мәселеге" қатысты айтысып жатыр. 

Діндар Данияр Кенжеұлы "әйелдердің етеккірі, "выделениесі" мәселесін менен артық ешкім білмейді. Тіпті әйел ұстаздар да бұл мәселені сауатты білмейді" дегенге саяын пікір айтқан.

Діндардың бұл сөзі өзін "діни сауатты" санайтын кей уағызшы әйелдердің шамына тиіп кетті. 

Данияр Кенжеұлының "білгіштігіне"  әйел уағызшы Дания Шакиман атты келіншек қарсылық танытып, "Қазақстанда әйелдің етеккірі, "выделениесі" мәселесіне қатысты фикхты білетін әйелдер өте көбін" айтты. 

Екі діндардың бұл айтысына қатысты жұрт "матуридилер өзара қырылып бастады" дегенге саятын пікір білдіруде.

  

Барлық жаңалықтар