Қазақстан телеарнасының "Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болған әнші Медеу Арынбаев отбасылық, жеке өміріне қатысты айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Сұхбат барысында Медеу Арынбаев марқұм әйелінің ерекше қасиеттеріне тағы бір тоқталып: "Менен кез келген кісі "қашан үйленесің?" Деп сұрайды.
Кейде әуежайда, кафеде, тіпті көшеде кездесіп қалған апаларымыз "қашан үйленесің, қашанғы жалғыз жүресің" деп сұрап жатады.
Сондай кезде кейде "апау, мен үйлендім ғой. Естімедіңіз бе? Екі рет үйленіп, екінші рет ажырасып кеттім ғой"деп күлемін. "Солай ма? Білмеп едім" деп жатады апаларымыз.
Үйлену туралы айтар болсақ... бекерге айтпаймын ғой, болмады. Расын айтқанда, бір емес, екі рет болған. Бірақ жүзеге аспады", деген әншінің сөзінің астарын жұрт түсінбей қалды. Десе де, көпшілік әншіге бақыт тілеп жатыр.