Астана қаласының №46 мектеп директорының еден жуып жүрген видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
"Мынадай директорды көрдіңдер ме, еден жуып, тазалық жұмысын жасап жүр. Астананың №46 мектеп директоры мектеп ішілік тазалық жұмыстарына өзі де араласып, "потолок" қойды" дейді Гүлжан есімді мұғалім.
Жұрт еден жуған директордың әрекетін "қарапайымдылық" деп бағалап, разы болуда.