Мектеп директоры қорыққаннан басына бахила киіп алған ба?

Мектеп директоры қорыққаннан басына бахила киіп алған ба?

Тараздың әлеуметтік желі парақшасында түсініксіз бір видео тарады. Видеода мектеп асханасын тексеріс келгенде, сасқанынан ба, әлде қорыққаннан ба, директор басына бахилаға ұқсас затты киіп алыпты деп жазады Democrat.kz.

Видеодан түсінгеніміз, Тараздағы №61 мектептің асханасын арнайы рұқсатпен тексеруге ата-ана, қоғамдық бақылаушы Хамида Сауранбек мектепке келген. 

Қоғам белсендісі табалдырықтан аттаған сәтте күзетші ішке кіргізбеуге әрекеттенген. Онысымен қоймай, полиция да шақырған. 

"Масқара!
Қорыққан бұрын жұдырықтайды!
Директорға не көрінді?

Басына бахила киіп алғаны қалай кетті?
Күлейін бе? Жылайын ба? 
Оқырмандарым біраз инфо айтып тастады осы директор жайлы!!!
Шақырған полиция қызметкері өзінің туысы екен,екеуі де дачада тұрады екен!" деп жазды тараздық парақша иесі Хамида Сауранбек.  

Парақша оықрмандарының бірі директордың басындағы арнайы баскиім десе, енді бірі аяққа киетін бахила десуде.

 
Барлық жаңалықтар