Мектеп директорына хабарласқан "антикор басшысы" жауапқа тартылды

Мектеп директорына хабарласқан "антикор басшысы" жауапқа тартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданындағы №4 мектептің директоры Ж.Е. Пернешева мен өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде таныстырған белгісіз тұлға арасындағы телефон арқылы сөйлесу фактісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Агенттік жүргізген тексеріс нәтижесінде, Атырау облысының тұрғыны, азамат «С» бұл қоңыраудың авторы екені белгілі болды. Ол өзінің лауазымды тұлға екенін айтып, бұрын жұмыс орнында тәртіп бұзған (мас күйінде болған) қызметкерді қайта жұмысқа алу үшін көмек сұраған. Оның бұл әрекетінде алаяқтық пен жалған мәлімет беру белгілері анықталған. 2024 жылғы 8 мамырда Атырау облысы Полиция департаменті ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі («Жала жабу») бойынша әкімшілік хаттама толтырып, істі Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолдады. Сот отырысында азамат «С»:
  • Өз кінәсін толық мойындады
  • Жасаған ісіне өкініш білдірді
Нәтижесінде, 14 мамыр күні сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салу арқылы жауапкершілікке тарту жөнінде шешім шығарды. Құзырлы органдар тұрғындарды осындай алаяқтық қоңырауларға сенбеуге шақырып, мұндай жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына хабарласуды ұсынады.
Барлық жаңалықтар