Мектеп күзетшілерінің жасына байланысты қатаң талап қойылмақ

Мектеп күзетшілерінің жасына байланысты қатаң талап қойылмақ

Қазақстандағы білім беру ұйымдарында күзет қызметін ұйымдастыруға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді деп жазады Democrat.kz. сайты Malim.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін күшейту мақсатында күзет қызметтерін сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттама бекітілген. Құжатта күзет компанияларына да, олардың қызметкерлеріне де нақты біліктілік талаптары белгіленген.

Жаңа талаптарға сәйкес, білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін күзетшілердің жасы 25 пен 50 жас аралығында болуы тиіс. Сонымен қатар оларда дене дайындығы мен арнайы кәсіби даярлық болуы міндетті.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарға қатысты өтелген немесе өтелмеген соттылығы бар адамдардың мұндай қызметке қабылдануына жол берілмейді.

Барлық жаңалықтар