Мектеп түлектері алтын белгісін сот арқылы "ақтап алды"

Мектеп түлектері алтын белгісін сот арқылы "ақтап алды"

Атырау қаласында «Алтын белгі» берілмеген екі түлек білім басқармасына қарсы сотта жеңіске жетті деп жазады Democrat.kz.

Қыздар мектепті үздік аяқтап, қорытынды аттестациядан сәтті өткен. 

Алайда комиссия мұғалімдер енгізген баға өзгерістеріне сілтеме жасап, оларға «Алтын белгі» тағайындамаған.

Ата-аналары бұл шешімге шағым түсірді. Сот 5–11 сынып аралығында түлектердің барлық бағасы «бестік» болғанын және марапат алу талаптары толық орындалғанын анықтады. Бағаларды түзету — педагогтердің жауапкершілігі, сондықтан оның салдарын оқушылар көтермеуі тиіс екені атап өтілді.

Комиссия хаттамасының күші жойылып, білім басқармасына «Алтын белгі» тағайындау мәселесін қайта қарау міндеттелді.

Барлық жаңалықтар