"Мектепке пижамамен барғым келеді": Кей мұғалім сықиған классикалық киімге наразылық танытуда

"Мектепке пижамамен барғым келеді": Кей мұғалім сықиған классикалық киімге наразылық танытуда

"Білім беру жүйесін шетелден көшіріп алатын біздің Қазақстанда сол шетелдік дресс код әдісі неге назарға алынбайды" деген сауал төңірегінде ата -аналар мен мұғалімдер арасында қызу пікірталас басталды деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде Гүлнұр Кенжалы атты педагогтың: "Сәлеметсіз бе?! Мен мұғаліммін және мен толстовка+ джинсымен сабақ бергім келеді. Сау болыңыз"деген жазбасы талқыға түсті. 

Жазбаға қатысты төмендегідей түрлі пікірлер жазылуда. Расында да, неге біздің елде мұғалім мен оқушыны кеңес заманындағыдай  сықитып киіндіреді де, кеңес заманының білім беру жүйесін сөз етуге қорқады?  

Мұғалімнің киімі соншалықты маңызда ма, қалай ойлайсыз? Төмендегі пікірлерді қолдайсыз ба?

"Менің аяғымда проблема бар. Сол үшін всегда шалбармен жүрген ыңғайлы чтобы өзімді жақсы сезіну үшін. Но жақында директор шақырып алып “трико киіп алғансыңба, аяғыңда кросовка ма” дейді.

Бірақ менде трико емес шалбар, оның үстінен ұзын бөксе жабатын жилетка киіп жүрем. Аяғымда ортопедиялық аяқ киім болды. Мендегі проблема айдан анық көрініп тұр еді.

Сол үшін директордың неге маған олай айтқанын көп ойландым. Мен мектепке трико киетіндей “ақымақ” деп ойладымекен білмеймін".

"Бізде тупой менталитет па ақ көйлек қара шалбар осыдан шыға алмаймыз" 

"Менің түсінбейтінім, білім беруде шетелелдік әдістемеге назар аударамыз да осы киімге келгенде неге кеңестік қатып қалған классика?"  

"Неге болмасқа? Бастысы мұғалімнің беретін білімі мен балаға деген махаббаты. Егер толстовка мен джинсы жұмысқа кедергі келтірмесе, еркіндік берген дұрыс. Заман өзгеріп жатыр ғой!"

"Пижамамен келе бергім келеді жұмысқа"

"Мектепте жұмыс істегім келмеудің бірінші себебі Дрескод болған"

"Негізі мұғалімге ең алдымен ыңғайлы киім керек. Таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін аяқта жүресің — аяқ қатты шаршайды. Костюм, юбка әрдайым ыңғайлы емес: сынып бар, 1-қабаттан 3-қабатқа қайта-қайта жүгіресің. Жүріс көп болған соң, ыңғайлы киім кигің келетіні — рас."

"Ол күнге де жетерміз. Ата ана ретінде айтарым балаларға да обал костюм шалбар кигізіп қақитып. 1 ші орында комфорт болу керек ғой". 

 

Барлық жаңалықтар