"Мектепте ақша жинау": Ата-аналар аттандап, айғайға басуда

"Мектепте ақша жинау": Ата-аналар аттандап, айғайға басуда

Қазақстанда мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға қатаң тыйым салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі кеше ресми мәлімдегенін хабарлаған болатынбыз. Кешеден бері әлеуметтік желілер осы мәселеге байланысты пікірлерге толды деп жазады Democrat.kz.

Кеше күні бойы, мектепте ақша жинау мәселесіне қатысты әлеуметтік желіде жазылған қазақша, орысша пікірлерді сүзіп, қарап шықтық. Байқағанымыз, мектепте ақша жинауды құп көретін, "баламның қуанышы үшін" деп ұрандататын шешелер өте көп екен. 

Оқу ағарту министрлігі жылдағы жаттанды әдетпен "тыйым салды". Мектеп тарапы "біздің қатысымыз жоқ" деп ат тонын ала қашуда. Кей ата ана "мектепте ақша жинау заңсыздық. Пәлен мыңнан ақша жинау қалтаға да салмақ" деп қарсылық танытуда. 

Ал мектепте ақша жинауды құп көретін, бұл әрекетін баласына деген сүйіспеншілігі санайтын кей шешелер кәдімгідей аттандап жатыр. 

Барлық жаңалықтар