Қазақ жастарына түрлі ғылыми деректері мен дәлелдерін ұсынып, білімімен кей дін өкілдерін "ойбайлатып" жүрген Ысқақ атты блогер қоғамға тағы бір салмақты сауал тастады деп жазады Democrat.kz.
"Қазір қоғамда білім және ғылым министрлігі vs уағызшылар арасындағы текетірес туындап тұр. Мемлекет ақша бөліп, балаларға биологияны оқытады, адамның шығу тегі жайлы үйретеді, эволюцияны түсіндіреді.
Екінші жақта уағызшылар сол бағдарламада оқытылатын дүниеге қарсы белсенді насихат жүргізіп жатыр. Бұл мәселе қалай шешілуі керек? Қалай ойлайсыздар?"деген сауал тастады блогер Ысқақ.
Әрине бұл сауалға шабына шоқ тигендей "байбаламмен" пікір жазып жатқан пенделер де бар. Десек те, елімізде жаңа көзқарастағы, білімді азаматар барын ескерсек, солардың кейбірі төмендегідей пікірін білдіруде.
"Білім мен ғылымды өте қарқынды түрде дамыту керек. Ал уағызшылар әйел, төсек, 72 хор қызы, тозақтан бөлек діндегі қоғамға пайдалы уағыздарды айтқаны дұрыс. Әрбір уағызшы арнайы бақылауда болу керек.Ең алдымен білім керек. Білімнің барлық саласын дамыту қажет. XXI ғасыр - білімділердің ғасыры"дейді Нұрбайқызы есімді желі қолданушы.
Ал Айбын Исағалиев атты желі қолданушы: "Эволюция сендерге мұқтаж емес. Тек көбейтуге жұмыс жасайтын соқыр эволюцияның заңдарымен сұрыпталады тіршілік. Қанша жерден мойындамасаңдар да биылғы ГРИПП тың штампына қарс салынған екпе келесі ГРИПП тың штампына қарсы тұра алмайды" дейді.
Бірнеше кісі "уағызға заңмен тыйым салса болды, мәселе шешіледі"деген жауапты алға тартуда.
Сіз қалай ойлайсыз, оқушыға адамның жаратылысын қалай оқытқан дұрыс?
Дайындаған Мәриям КЕНЕСАРЫ.