Свердлов облысында аймақтық арна эфиріндегі телекөпір кезінде педагогика ғылымдарының кандидаты Николай Дерягин мектептер мен колледждердегі буллингтер үшін ең алдымен сынып жетекшілері жауапты екенін айтып, оларды "тұрған жерінде атуды"ұсынды деп жазады Democrat.kz.
ОТВ бағдарламасында жасөспірімдердің оқу орындарында бір біріне жиі шабуыл жасау, буллинг тақырыбында пікірталас өтті.
Талқылау барысында сарапшы — педагогика ғылымдарының кандидаты Николай Дерягинге сөз берілді.
Спикер оқушылардың экстремистік әрекеті үшін мұғалімдер жеке жауапкершілікке тартылуы керегін айтты. Жүргізуші Дерягиннен түрмеге қамалу керек пе деп түсіндіргенде, ол оларды "тұрған жерінде ату керек"деп мәлімдеді.
Қазіргі кезде ресейлік ақпараттар мен әлеуметтік желіде Дерягиннің осы бір сөзі қызу талқыға түсті. "Мектептегі буллингтің басты себебі педагогтарда. Оқушыларды алалап, кей мұғалім осындай жағдайға жеткізеді", "өте дұрыс айтқан, қолдаймын", "неге бәріне мұғалім кінәлі? Неге оқушының әкесі мен шешесінде жауапкершілік жоқ", "мұғалімді кінәлаудан басқа себеп жоқ па" дегенге саятын пікір жазған жұрт ортақ мәмілеге келмеді.