"Мектепті гарем еткен... оқушыға қол салған..." деген белсенді ұстаз кей мұғалімнің масқара тірліктерін айтты

"Мектепті гарем еткен... оқушыға қол салған..." деген белсенді ұстаз кей мұғалімнің масқара тірліктерін айтты

Белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы кей педагогтардың сорақы әрекеттері туралы айтып, жоғарыдағылардың осыған назар аударуын сұрады деп жазады Democrat.kz.

"ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК министрі Жұлдыз Сүлейменова ханым...

Қазақстандық орта статистикалық мұғалімнің сиқы осы...

Сізге өте ауыр болады...
Осындай контингентпен жұмыс істейсіз..
Бұл бер жағы...

Мектебін гарем қылған еркек директорларды көрдім...
Заврайонолардың қонағын "күтіп" жүріп меңгеруші болған тәрбиешілерді көрдім..

Мерез ауруын жұқтырған мұғалім келіншектер, оқушысына қол салған еркек мұғалімдер туралы желіден өзіңіз оқыған шығарсыз...

Мемлекет қалтасы мен өз қалтасын шатастыратын заврайонолар бір төбе...

#Offsaid фильмі жолда қалады..
Құдай сізге қуат берсін!

Нургуль Калиева ханым, Серік Марксұлы дейтін мұғалім қай мектепте істейтінін анықтаңызшы.." деп жазды Өмір Шыныбекұлы. 

Барлық жаңалықтар